PRIME AVIATION

Қазақстандағы мұнай-газ саласына қызмет көрсету

Prime Aviation компаниясы Атыраудағы базасынан мұнай-газ саласына әуе тасымалы қызметін ұсынады. Қызметтер турбовинтті қозғалтқыштары бар Dash-8-300 және Dash-8-315 ұшақтарында көрсетіледі. Сонымен бiрге біз санитарлы эвакуация (MEDEVAC) бойынша қызмет түрлерiн ұсынамыз, оның ішінде мұнайгаз саласындағы қызметтер де бар.

Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы дрондар

Мұнай-газ саласы – бұл дрондарды азаматтық қолданудың жеке саласы. Көптеген басқа іс-шаралар сияқты, мұнай саласында да дрондар жету қиын жерлерді тексеруге таптырмас құрал.

Prime Aviation компаниясының пилотсыз аппараттарын қолдану мұнай-газ кәсіпорындары үшін кең мүмкіндіктер ашады: геодезиялық дайындық жұмыстардан бастап, бұрғылау қондырғылары мен магистральдық құбырларды бақылау, ағып кетуді бақылау, жабдықты жөндеуге дейін дронның көмегімен қадағалауға болады.

Дрондар классикалық технология немесе адам жете алмайтын жерлерге жетіп, қажетті ақпаратты жылдам жинауға мүмкіндік береді. Жылуға ден қойғышпен жабдықталған дрондар нашар көрінетін жерде сапалы суреттер түсіреді. Олардың ұшуы қашықтан оңай басқарылады.

Дрон құралдары көптеген жылдар бойы топографиялық мәліметтерді жинаудың тиімді құралы ретінде қолданылып келеді. Жоғары сапалы фото және видео жабдықтармен жабдықталған құралдар одан әрі ортофотожоспарларды, жер бедерінің 3D модельдерін және т.б. құрастыра отырып, керек аймақ туралы толық және сапалы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы авиациялық қызметтер

Prime Aviation ұсынатын авиациялық қызметтер көмірсутегі өндіруші компаниялардың негізгі қажеттіліктерін жабады және мынадай операцияларды қамтиды:

Мұнай-газ саласында қолданылатын біздің әуе кемелеріміз сенімділік, жүк көтергіштік, қауіпсіздік, алыстық және ауа-райына қойылатын талаптарға сәйкес, сонымен қатар түнгі рейстерді орындай алады.

Коммерциялық ұсынысты сұрау

    * Fields marked with an asterisk (*) are required.
    * By leaving data on this site, you agree to the Privacy Policy.
    * After sending a request, our manager will contact you to clarify the details.