PRIME AVIATION

Әуе кемесін сату және сатып алу қызметтері

Prime Aviation компаниясының маңызды бағыты – толық аяқталған қызмет көрсету. Бұл әуе кемесін таңдау, оны сату-сатып алу, активтерді басқару және Клиенттің талабы бойынша чартерлік рейстерге арналған әуе кемесін ұсыну бойынша консультациялардан тұратын бірқатар қызмет түрлері.

Әуе кемелерін сатып алу-сату бойынша қызметтер

  • Ұшақтың бағасын анықтау үшін нарықты зерттеу, бюджетты талдау және жасау;
  • Ықтимал сатып алушыларға арналған әуе-шоу және демонстрациялық ұшулар;
  • Ниет туралы хат, коммерциялық ұсыныстар, сату-сатып алу келісімдерін дайындау;
  • Сату алдындағы тексерісті ұйымдастыру және өткізу;
  • Құқықтық мәртебені тексеру, кепілзаттық меіндеттемелерді іздеу, әуе кемесінің зақымдану тарихын іздеу, әуе кемесінің ақауларын жою бойынша шарттарын келістіру;
  • Құжаттаманы үйлестіру және сақтауға беру процесі;
  • Халықаралық тіркеуге арналған құжаттаманы жүргізу;
  • Кредиторлармен келісім алу;
  • Әуе кемелерін сақтандыру, меншік құқығын қорғау.

Біздің артықшылығымыз

Prime Aviation компаниясының негізгі міндеттерінің бірі – Сатып алушы мен Сатушы қызығушылық тудыратын мәселелерді делдалсыз талқылай алатын, бір сапар кезінде бірнеше ұшақтың нұсқаларымен жеке танысатын, сынақ рейсін орындай алатын, компанияның сертификатталған техникалық мамандарынан кеңес ала алатын және екі тарап үшін де оңтайлы шарттармен келісім жасасу.

Prime Aviation қызметкерлері сіздің авиациялық техникаңызды сату процедураларын, оның ішінде сатылым алдындағы дайындықты және техникалық қызмет көрсетуді, әуе кемесін күзетілетін демонстрация алаңына орналастыруды, сондай-ақ қажет болған жағдайда Сатып алушылармен тікелей байланыс орнатуды, сатып алу-сату шартын және құжаттар пакетін рәсімдеуді толығымен қабылдауға дайын.

Сонымен қатар, Prime Aviation әрдайым өз клиенттеріне ұшақ техникалық диагностикасынан бастап жеке несиелеу бағдарламаларына қатысты көптеген қызметтерді ұсынуға дайын. Біздің мамандар клиенттерге қызмет көрсету деңгейіне, сондай-ақ әр Клиенттің қажеттіліктеріне жеке көзқарасқа ерекше назар аударады.

Коммерциялық ұсынысты сұрау


    * Fields marked with an asterisk (*) are required.
    * By leaving data on this site, you agree to the Privacy Policy.
    * After sending a request, our manager will contact you to clarify the details.