PRIME AVIATION

Әлеуметтік жобалар мен корпоративтік іс-шаралар

Бұл әлемді кереметтеу үшін

Prime Aviation сервис пен техникалық қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын қамтамасыз етумен қатар, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын сақтай отырып, қоғамның әлеуметтік бөлігіне ерекше көңіл бөледі. Қоғам еңбекке ақы төлеудің лайықты деңгейін, тұрақтылықты және қызметкерлердің құқықтарын сақтауды қамтамасыз етеді, олардың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді, ең қолайлы еңбек жағдайларын жасайды, әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылармен қамтамасыз етеді.

Қоғамның әлеуметтік құрамдас бөлігін жақсарту, оның ішінде жаңа жұмыс орындарын құру, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, демеушілік және қайырымдылық жасау қоғамның ұзақ мерзімді тұрақты дамуының маңызды факторларының бірі болып табылады.

Қазіргі әлемде маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге әлеуметтік жобаларды бастау және дамыту арқылы қол жеткізіледі. Prime Aviation бірнеше іс-шараларға демеуші болды және бұл біздің қоғамның тұрақты дамуына әсер етеді деп үміттенеміз.

Әлеуметтік қызмет

Prime Aviation 2019 жылдың желтоқсан айында Алматыда балалар милық салдануы ауруына шалдыққан балаларға екі медициналық операцияны қаржыландырды.

Екі операцияға да итальяндық дәрігер шақырылды және ол қазақстандық медицина қызметкерлерімен өз білімі мен тәжірибесімен бөлісті.

Екі операция да сәтті өтті және бұл шараны Қазақстанның Балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин қолдады.

2019 жылдың 24 желтоқсанында Prime Aviation командасының мүшелері Азаматтық авиация академиясының студенттерімен кездесуге қатысты. Таныстырылымның басты тақырыбы -Қазақстандағы авиацияның болашағы.

Академия тыңдаушылары нағыз кәсіпқойлардан авиация саласы туралы көбірек білуге мүмкіндік алды. Компания президенті және жетекші инженерлердің бірі жаңа бітірген түлектермен өздерінің құнды тәжірибесі мен даналығымен бөлісті.

Мұндай іс-шаралар жас ұрпақты авиациядағы мансабын бастауға және алға жылжуға ынталандыруы керек деп санаймыз.

2020 жылдың қыркүйегінде біздің компания “Teen Challenge Kazakhstan – зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен олардың балаларына арналған баспана үйі” қайырымдылық қоры арқылы балалар ойын алаңын жөндеуге және қайта жаңартуға қаражат салды.

Бұл жоба барысында балалар төсемі қайта жасалған жаңа ойын алаңына ие болды, жаңа жабдықтар мен ойын құралдары орнатылды.

Біз осындай қиын жағдайға тап болған адамдарға үздіксіз қолдау көрсету Қазақстанның қоғамы мен болашағын жақсартады деп сенеміз.

2022 жылдың желтоқсан айында Prime Aviation кеңсесінде “Zero Waste” концепциясын түсіндіру бойынша тренинг өтті.

Қызметкерлер “Zero Waste” концепциялары мен қайта өңдеу технологиясын насихаттайтын “Zero Waste” белсендісі және кәсіпкер Hello Eco Consulting компаниясынан тәжірибе алды.

2022 жылы Prime Aviation “Халық” қайырымдылық қоры” жеке қорына келесі бастамаларды қолдау үшін көмек көрсетті:

  • Балалар спортын және балалар білімін дамыту және қолдау;
  • “SOS балалар ауылдары” жобасы аясында балалардың құқықтарын қорғау;
  • Медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектер;
  • Аз қамтылған отбасыларды азық-түлік себетімен қамтамасыз ету;
  • “Birgemiz” краудфандинг платформасы.

2023 жылдың наурыз-сәуір айларында Prime Aviation қиын жағдайда қалған, зорлық-зомбылық құрбандары болған әйелдер мен олардың балаларына арналған баспана үйінің іргелес аумағын асфальттау үшін қаражат бөлді. Соның нәтижесінде балалар баспананың дәл аумағында жүгіріп, сүйікті велосипедтері мен скутерлеріне мініп, ойнай алады.

Қазір Орталықтың аумағын тазалау әлдеқайда жеңілдеген және Орталықтың айналасын тазалықта сақтау бүкіл көрінісіне жағымды әсерін алып келді.

2023 жылдың 12 тамызында Бас демеуші Prime Aviation АҚ және Атырау облысы спортты дамыту орталығының қолдауымен Халықаралық жастар күніне арналған Swim Run Challenge жарысы өтті.

Жарысқа 100-ден астам спортшы қатысты және олар «жүгіру + жүзу + жүгіру» кезеңдерін өтулері керек болды.

Спортшылар екі жас санатына бөлініп жарысты:

  • Балалар (400 м жүгіру + 100 и жүзу + 400 м жүгіру),
  • Ересектер (1.5 км жүгіру + 500 м жүзу + 2.5 км жүгіру).

Мәреге жеткен жарыстың барлық қатысушылары медальдармен марапатталды, ал жүлдегерлер мен жеңімпаздар естелік сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын дамыту және насихаттау, Атырау облысы тұрғындарының спорттық белсенділігін арттыру және жас спортшыларды ынталандыру.