Компанияның қызметкерлері мен басшылығы

Prime Aviation – тәртіп, кәсіпқойлық және шеберлік

Prime Aviation компаниясы 2005 жылдың желтоқсан айында құрылып, бас кеңсесі Алматы қаласында және өкілдіктері Нұр-Султан мен Атырау қалаларында орналасқан.

Менеджмент

Prime Aviation компаниясының басшылығына тұрақты және чартерлік VIP-әуе тасымалы саласындағы қазақстандық және батыстық мамандар кіреді.

Өнімділік пен қызметтің үнемі жоғары стандарттарын қамтамасыз етумен қатар, қауіпсіздік біздің басты міндетіміз болып қала береді.

Prime Aviation компаниясы өзінің қызметкерлеріне біліктіліктерін жоғарлатуға және мансаптық өсуге мүмкіндік беру арқылы кәсіпқойлық пен жоғары адалдықтың өсуін қамтамасыз етеді.

Қызметкерлер

Біз аралас экипаж әуеде байланысты оңтайландырады, осылайша қауіпсіздік коэффициентін жоғарылатады деп сенеміз.

Prime Aviation компаниясының бортсеріктері авиация саласында, сондай-ақ қызмет көрсету саласында тәжірибесі бар, және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлейді.

Барлық бортсеріктер Еуропа мен АҚШ-тың авиация саласындағы үздік білім беру мекемелері өткізетін жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес қауіпсіздік және VVIP қызметі бойынша кәсіби тренингтерден өтеді.

Біздің инженерлік-техникалық бөлім лицензияланған әуе кемелерінің сертификаттары бар және өндірушілердің сертификаттауы мен оқуларынан үнемі өтіп тұратын жоғары білікті қазақстандық және шетелдік мамандарынан тұрады.

Prime Aviation компаниясында кәсіби шеберлік пен тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету үшін қазақстандық және халықаралық экипаждар жұмыс жасайды.

Prime AviationНеліктен біз үздікпіз

2
ҚАУІПСІЗДІК

Біз үшін қауіпсіздік — бәрінен бұрын. Біз жолаушылардың, экипаждың және әуе кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық кезеңдерде кешенді шаралар қолданамыз.

1
САПА

Біз кәсіби этика, адалдық және жоғары әлемдік талаптарға сай қызметтердің жоғары сапасы қағидаларын бұлжытпай ұстанамыз.

3
ДАМУ

Біздің қызметкерлер Еуропа мен АҚШ-тың ең озат оқу орындарында қауіпсіздік және VIP қызмет көрсету бойынша тренингтен өтеді.

4
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Қоршаған ортаны қорғау компаниямыздың даму процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Табиғатқа кері әсерді азайтуға бар күшімізді саламыз.