PRIME AVIATION

Қоршаған ортаны қорғау

Жарқын болашақтың кепілі, нақты қазіргі уақытта!

Қоршаған ортаға қамқорлық – қазіргі әлемде әрбір адамның және әрбір ұйымның міндеті. Сондықтан, біз өз қызметіміздің ең алдымен, барлық ағымдағы және жаңа жобаларымызда қоршаған ортаға және экологияға әсерін бақылауға тырысамыз.

Батыста жасалған заманауи ұшақтарда ұшу арқылы біз басқа әуе компанияларына қарағанда CO₂ шығарындыларын азайттық. Prime Aviation компаниясының қоршаған ортаға тигізетін ізін азайту жөніндегі тұрақты бастамаларына мыналар кіреді:

  • 2015 жылы электронды Ipad-қа көшу және кабинадағы қағаздан толық бас тарту (EFB жүйесі – Electronic Flight Bag);
  • CORSIA (Халықаралық авиация үшін көміртегінің орнын толтыру және азайту схемасы) – көміртегі шығарындылары әсерін азайтуға арналған еуропалық бағдарлама;
  • Көміртегі ізін азайту мақсатында әуе кемелерінің бағыттарын оңтайландыру бойынша үздіксіз жұмыс;
  • Негізгі кәсіп орындарда (Алматы, Астана және Атырау) қалдықтарды сұрыптау бойынша пилоттық бағдарлама;
  • Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету процесінде қоқыстарды өңдеу және қауіпті қалдықтарды жою бағдарламасы.

Қазіргі уақытта климат мәселелерін шешуде біз болашақ ұрпақтар алдында жауаптымыз және қоршаған ортаға әсерді азайтуға инвестициялау біз енгізетін және оны өз көзқарасымыздың ажырамас бөлігі ретінде қарастыратын ең жақсы тәжірибе деп санаймыз.

Prime Aviation басшылығы әрқашан авиацияда және бүкіл әлемде жақсырақ және тұрақты болашаққа үлес қосуға ұмтылады.