Техникалық сипаттама
Ұшудың максималды биіктігі (м) | 5 843 |
Дағдалы шапшаңдық (км/сағ) | 306 |
Максималды ұшу салмағы (кг) | 6 400 |
Фюзеляж ұзындығы (м) | 16,65 |
Фюзеляж биіктігі (м) | 4,95 |
Негізгі бұрама (м) | 13,8 |
Ұшу алыстығы (км) | 1 061 |
Ұшу ұзақтығы (сағ) | 5,13 |
Экипаж (ұшқыш) | 1-2 |
Жолаушылар саны (адам) | 15 |
AW-139
AgustaWestland AW-139 — қос моторлы, көп мақсатты тікұшақ. Agusta-Bell AB139 деп аталған бұл тікұшақ Agusta және Bell Helicopters компанияларымен жасалған, бірақ Bell жобадан шыққаннан кейін аты өзгертілген. А-129 тікұшағының тасымалдағыш жүйесін, қозғалтқыштарын және трансмиссиясын қолдану арқылы жасалған.
Тікұшақ жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған, сондай-ақ VIP салон, корпоративті, медициналық эвакуация, патруль (полиция, жағалау күзеті, шекара қызметі және т.б. үшін), іздеу-құтқару және өртке қарсы жабдық ретінде пайдаланылуы мүмкін. Тікұшақты оффшорлық операцияларды қолдау үшін де пайдалануға болады. Әскери мақсатта пайдаланудың әртүрлі нұсқалары да қарастырылған.

