PRIME AVIATION

Қазақстандағы техникалық қызмет көрсету

Prime Aviation компаниясы өз Клиенттеріне және үшінші тараптарға техникалық қызметтер, ұшу жарамдылығын қамтамасыз ету, және де ағымдағы техникалық қызмет және ақаулықтарды жою қызметтерін көрсетеді. Компания инженерлері техниканы өндірушілердің ең жоғары стандарттары бойынша оқудан өтеді және Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы, Аруба аралының азаматтық авиациясы, Мэн аралының азаматтық авиация және Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) қағидаларына сәйкес жұмыс жасайды.

Technical Management Services in Kazakhstan

Қазақстандағы техникалық қызмет көрсету қызметтері

  • Prime Aviation экономикалық тұрғыдан тиімді техникалық қызмет көрсету шешімдерін, сондай-ақ ұшақтардың жоғары сенімділігін қамтитын кешенді қолдау пакеттерін ұсынады.
  • Біздің жоғары білімді, зауыттық шарттарда оқудан өткен инженерлеріміз ұшақтар мен тікұшақтарға жоспарлы және жоспардан тыс техникалық қызмет көрсетуге дайын, оған мерзімді техникалық қызмет көрсету, жыл сайынғы тексерулер, корпустың құрылымын жөндеу, қозғалтқыштарды күрделі жөндеу, қозғалтқыштарды ауыстыру, электр жабдықтарды жөндеу, авиониканы орнату және жөндеу қызметтерін көрсетуге дайын. Біз поршеньді және турбовинтті ұшақтарға, сондай-ақ жеке ұшақтар мен тікұшақтарға техникалық қызмет көрсетеміз.
  • Prime Aviation мамандары біздің авиацияны жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер қоймасы болғаны нәтижесінде жедел қызмет көрсете алады, оның ішінде аккумуляторларды ауыстыру, ұшақтардың дөңгелектерін ауыстыру, ұшақтардың тежегіштеріне немесе шассиге техникалық қымет көрсету және де гидравликалық жүйені жөндеу. Біз ұшақтардың жанармай бактарын тексереміз, қажет болған жағдайда оларды ауыстыра аламыз. Біз әуе кемесінің жанармай жүйесін орнату немесе жөндеу, техникалық қызмет көрсету, от алдыру, магнето жүйелерін, электронды тұтану жүйелерін, отын бүрку жүйелерін және қосалқы қуат блоктарын жөндеу жұмыстарын жасай аламыз.

Қазақстандағы жедел техникалық қызмет көрсету

Prime Aviation компаниясы әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетеді. Жедел қызмет көрсету – бұл әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығын, дайындығын және пайдаланылуын қамтамасыз ететін, әуе кемесінің техникалық жағдайын тексеру, оны кезеңдік техникалық қызмет көрсету арасындағы дайындық жұмыстары бойынша жүйе.

Жедел немесе басқа сөзбен айтқанда, күнделікті қызмет көресету көбінесе тіректену аэродромында жасалады және келесі жұмыс түрлері өткізіледі: ӘК күтіп алу, тұрақпен қамтамасыз ету, тексеру және техникалық қызмет көрсету, ұшуды қамтамасыз ету.

Әуе кемесін қыс мезгілінде ангарда тұрақтандырған жағдайда, тиісті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жабдықталған ангарға тіркеп сүйретіледі.

Line Maintenance in Kazakhstan

Коммерциялық ұсынысты сұрау

    * Fields marked with an asterisk (*) are required.
    * By leaving data on this site, you agree to the Privacy Policy.
    * After sending a request, our manager will contact you to clarify the details.